Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұғаттап тастаймын": Ерке Есмахан ақыл айтқан оқырмандарына шүйлікті (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан елдегі жағдайға байланысты әлеуметтік желіде өзіне түрлі пікір жазатын оқырмандарына ашуланды. Әнші жеке басқа өткен желі қолданушыларын бұғаттап тастайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Неге сонша ақылдысыздар? Қалай өмір сүру керектігін, не істеп, не істемеу керектігін үйреткізшсіздер, әйтеуір. Тағы айтамын, елге жасап жатқан жақсылығымызды бәрібір көрсетпеймін. Алла разы болса болды. Бәрін өзіңнен баста!

Елде болып жатқан жағдайды пайдаланып, жеке басқа өтіп, артық сөйлейтіндерді бұғаттап тастаймын", – деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін де Ерке Есмахан отбасының атынан тасқыннан зардап шеккен халыққа қаржылай көмек көрсетілгенін мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар әнші қанша қаражат аударғанын күйеуі Раимның рұқсат бермеуіне байланысты айта алмайтынын да жеткізді.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Сторис: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080781-bugattap-tastaimyn-erke-esmaxan-aqyl-aitqan-oqyrmandaryna-suilikti-foto/

pixel