Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов тасқыннан зардап шеккен халыққа қалай көмектесіп жатқанын айтты (видео)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккен қарапайым халыққа қалай көмектесіп жатқанын көрсетті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ардақты ағайын, құрметті бауырлар! Еліміздің көп аймағында ауылдар мен аудандар, үлкен қалалар суға кетіп жатыр. Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстанда сынақ болып жатыр. Қолымыздан келгенше Батыс Қазақстан, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстанда тұратын бауырларымызға кішігірім қол ұшын созып жатырмыз. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Тезірек жер кеуіп, мамыражай заман келуді нәсіп етсін. Біз сіздермен біргеміз", - деп видео жариялады әзілкеш.

Еске сала кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың су тасқынынан зардап шеккен халыққа 1 млн теңге қаржылай көмек көрсеткені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081294-tursynbek-qabatov-tasqynnan-zardap-sekken-xalyqqa-qalai-komektesip-zatqanyn-korsetti-video/

pixel