Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Давлетьяров Меккеге қажылыққа аттанды (фото)

Опубликовано:

Арман Давлетьяров Меккеде
Арман Давлетьяров Меккеде. Фото: Instagram/arman_dav

Отандық танымал телепродюсер әрі медиаменеджер Арман Давлетьяров қасиетті Рамазан айында Меккеге құлшылық жасауға аттанды. БАҚ өкілі желіде қағбаның алдында түскен суретін жариялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Давлетьяров қасиетті мекенге аттанғанын Instagram парақшасында хабарлады.

Медиаменеджер Мекке қаласынан фото жариялап, әсерлі жазба қалдырды. Ол Қазақстан мен Ресейде болып жатқан су тасқынына асқан алаңдаушылық танытып, халыққа қолдау білдіруге тырысты.

"Қасиетті Рамазан айында сынаққа тап болып жатырмыз. Қазақстан мен Ресейді су басып жатыр. Мұндай қиын кезеңде халыққа бірігіп, дұға тілеуді тоқтатпау керек. Бұл кезде Алла тағаланың мейірімі ерекше. Табиғат апатынан зардап шеккендер үшін оқылған әрбір дұға қабыл болады. Күшіміз бірлікте! Бүгінгі күні Меккеде барынша сіздер үшін дұға тілеп жатырмын", - деп жазды телепродюсер.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да еліміздегі төтенше жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082050-arman-davletyarov-mekkege-qazylyqqa-attandy-foto/

pixel