Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Димаш Құдайберген зардап шеккендерге 15 млн теңге қаржылай көмек аударды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген еліміздегі төтенше жағдайға бей-жай қарамай, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде өз атынан қомақты қаржы аударды, деп жазады ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген күні кеше Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккендермен кездесіп, олардың қал-жағдайын біліп қайтқан болатын. Өнер иесі баспанасынан айырылып қалған жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.

Әнші туған жеріне сапары кезінде "Демеу Қазақстан" қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Динара Сұлтанның күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына қаржылай көмек ретінде 100 млн теңге жібергенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082089-su-tasqyny-dimas-qudaibergen-zardap-sekkenderge-15-mln-tenge-qarzylai-komek-audardy/

pixel