Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Яндекс Музыка сервисі дербес бола түсті: Моя волна дизайны қазақстандықтардың музыкалық қалауына бейімделеді

Опубликовано:

Интерфейс Яндекс Музыка
Фото: Яндекс Казахстан

Яндекс Музыка-ның негізгі ұсынатын өнімі – Моя волна қазір әрбір пайдаланушыға дербес көрінеді. Оның жаңа дизайны тыңдаушының музыкалық қалауына негізделген генеративті технологиялардың көмегімен қалыптасады. Бұл Моя волна-да терең нейрондық желілерді қолдану арқылы ұсыныстардың жаңа моделіне көшкеннен кейінгі сервисті дербестендірудің келесі қадамы болды.

Моя волна-ның жаңа дизайны тыңдаушының музыкалық қалауын визуалды көрсетеді, сондай-ақ онымен бірге динамикалық түрде өзгеріп, жеке аудиовизуалды тәжірибе жасайды. Оның жаңартылуының арқасында пайдаланушылар өздерінің дербес музыкалық әлеміне толыққанды еніп, талғамдарының қалай өзгергенін бақылай алады.

Арнайы әзірленген бояу түстерінің әртүрлі реңктері тректердің алуан көңіл-күйіне сәйкес келеді. Алгоритмдер тректердің көңіл-күйін талдап, соларға сәйкес реңк береді. Моя волна-ның жаңа дизайны пайдаланушының түсін біріктіреді, ол оның Топтамасының тректерін талдау және тыңдалған тректің түсі негізінде жасалады.

Моя волна-ның жаңа бейнесі динамикалық – анимация тректердің ырғағына икемделеді және лайктарға орай әрекет етеді. Жүректі басқаннан кейін импульс пайда болады, ол пайдаланушының оған ілтипатпен таңдалған музыкадан шабыттануын білдіреді. Лайкты плеерде ғана емес, сонымен бірге экранды екі рет түрту арқылы да қоюға болады.

Моя волна дизайнының жаңартылуы – бұл сервисті көбірек дербестендіруге бағытталған тағы бір қадам. Пайдаланушы Яндекс Музыка қосымшасын аша отырып, өзінің дербес музыкалық әлеміне енеді: басты бетте оған жеке таңдалған контент ұсынылады, ал ақылды ұсыныстар жүйесі тректерді осы сәтте дәл таңдап, тыңдаушылардың музыкалық талғамының өзгеруіне бейімделе алады.

Естеріңізге сала кетейік, Яндекс Музыка жас белгісіз қазақстандық орындаушыларды қолдайды. Осылайша ISKRA Qazaqstan музыкалық жобасы пайда болды. 2023 жылы стримингтің платформада 450-ден астам қазақстандық музыкант орналастырылды. Сервис Яндекс Плюс жазылымы бойынша қолжетімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2082221-yandeks-muzyka-servisi-derbes-bola-tusti-moya-volna-dizainy-qazaqstandyqtardyn-muzykalyq-qalauyna-beiimdeledi/

pixel