Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүздесуге дайынбыз": Төреғали Төреәлінің әкесі тасқыннан зардап шеккендерге заттай көмек жіберді (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі әкесімен
Төреғали Төреәлі әкесімен. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлінің әкесі су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек берді. Видеоны өнер иесінің әкесі Instagram-дағы парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қайырымдылық, мейірімділік жан жылуын сыйлайды. Берген садақаларыңызбен жасаған амалдарыңыз қабыл болсын", - деп жазды Төреғалидің әкесі.

Сонымен қатар видеодан әншінің әкесі су тасқынынан зардап шеккен халыққа қажетті заттарды көлікке тиеп жатқанын көруге болады.

"Еліміздің басына қауіп төніп тұрғанда, осындай қасірет болып жатқанда, үйде жатуға мүмкіншілік болмады. Азық-түлік кетті. Алматы қаласында, базардың алдында тұрмын. Елдің жинаған нәрсесі зардап шеккен жандардың қолына жетсе деп, аманат қылып жіберіп жатырмыз. Атырау болсын, Құлсары, Қостанай болсын, қай жаққа жол түссе, сол жаққа барып, сіздермен жүздесуге дайынбыз. Аз болса да, көптей қабыл алыңыздар. Біз сіздермен біргеміз, ағайын", - деді видеода Төреғалидің әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2083463-zuzdesuge-daiynbyz-toregali-torealinin-akesi-tasqynnan-zardap-sekkenderge-zattai-komek-ziberdi-video/

pixel