"Бағалайтын жар бұйырсын": Балжан Бидаштың отбасы жайлы жазбасы желіде қызу талқыға түсті (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Балжан Бидаштың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Отбасы құру - бақыт. Оны шаттыққа толтыру - нағыз бақыт.Алақанда аялайтын, шынымен бағалайтын, ашуланып қарамайтын жар бұйырсын, құрбым", - деп жазды Балжан Бидаш.
Әнші осы видеосы арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін көрсеткен.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосын қызу талқыға салды.
"Бұл жерде өткен өмірін айтқан жоқ. Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау білідіріп отыр", "Әйелдерге қолдау білдіріп жатыр", "Бұрынғы өмірін айтқан жоқ. Челленджді жалғастырып жатыр", "Өмірдің ащы шындығы көрсетілген", "Өзіңді құрметтейтін жан жолықсын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, былтыр Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш ажырасқанын мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2084216-bagalaityn-zar-buiyrsyn-balzan-bidasdyn-otbasy-zaily-zazbasy-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/