"Қой етін енді жей алмаймыз": Ерке Есмахан қайырымдылық кезінде болған жағдайды еске алды (фото)
Жарияланған күні:
Ерке Есмахан апта сайын мешітте қой сойып, етін мұқтаж жандарға жіберетінін айтты. Әнші осындай қайырымдылық кезінде көпбалалы әйелдің айтқан сөзінен есеңгіреп қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қызық әңгіме айтайын. Бір отбасыға тұрақты түрде көмек беріп тұратынмын. Көпбалалы жанұя еді. Азық-түлік, киім-кешек, ет беретінмін. Апта сайын мешітте қой соямыз. Қойдың етін 4 бөліп, мешітке және керек отбасыларға жібереміз. Дәл солай жаңағы отбасыға да тағы ет жібердім.
Бір кезде әйелі "Қойдың етін енді жібермеңізші. Енді жей алмаймыз. Жылқының еті болса беріңіз" деп хат жазып жіберіпті. Есеңгіреп, шалқамнан түсіп, қаным басыма шапқаны есімде. Сондықтан көмектессең де, жақсы атты болуың екі талай", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Ерке су тасқыны кезінде халыққа қанша қаражат аударғанын мәлім етті. Өнер иесі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап беріп, осыған дейін әртүрлі қорларға 6 млн теңге қаражатты көмек ретінде жібергенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085095-qoi-etin-endi-zei-almaimyz-erke-esmaxan-qaiyrymdylyq-kezinde-bolgan-zagdaidy-eske-aldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.