Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гипске таңылдым": Ақбота Керімбекова су басқан өңірлерге неге бармағанын түсіндірді (фото)

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова су басқан өңірлерге көмекке баруы керек болған. Алайда өнер иесі оқыстан тізе сүйегін сындырып алғанын Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге баруы керек шоу-бизнес өкілдері тізімінде өзі де болған. Алайда оқыстан аяғын жарақаттап алған.

"Әріптестер батысқа жолға шықты. Сапта мен де бар едім. Кеше тіземнің қалпақшасын сындырып алып, гипске таңылып қалдым. Әттең, жұртыма қорған болу үшін қаланып жатқан қорғаныш қабаттарға мен де жан терім шыққанша еңбек етіп, халықтың жанында болғым келген еді. Тәуекел! Бастысы, жүрегім өздеріңізбен бірге", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.

Ал күні кеше продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірге аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085470-gipske-tanyldym-aqbota-kerimbekova-su-basqan-onirlerge-nege-barmaganyn-tusindirdi-foto/

pixel