Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар су тасқынынан зардап шеккендерге неге 100 мың теңгеден жинап бергенін түсіндірді

Опубликовано:

Құдайберген Бекіш, Шахизада, Бақыт Тұшаев
Құдайберген Бекіш, Шахизада, Бақыт Тұшаев. Видеодан кадр: "ХабарLike" бағдарламасы

Отандық жұлдыздардың су тасқынынан зардап шеккендерге жинаған қаражатының тізімі әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын. Құдайберген Бекіш пен Шахизада "ХабарLike" бағдарламасында неліктен 100 мың теңгеден жинағанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қымбатты, халайық. Көкейде жүрген сауалға бүгін жауап берейін деп келдік. Әп-сәтте халыққа үлкен нәубат келіп, су ала бастағаннан кейін өнер адамдары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығардық. Ортақ топ ашып, оны Роза Әлқожа бастады. Гүлзира Айдарбекова, Ерғали Әбдірайымов, Шаһизада, Өктем Алтаев бар "Кім қанша қаражат бере алады?" деді. Соған бәріміз жиналдық. Арамызда ешқандай кикілжің болмады. "Мынадай жинайсың" деген саяси тапсырыс болмады. Ең азы 100 мың теңгеден берді. 500 мың теңге, 700 мың теңге, 2-3 млн теңге аударғандар бар. Әркім жағдайына қарай берді. Бір айлыққа қарап отырған әнші, актерлер бар. Млн теңге бірден беруге жағдайлары қиындау.

Сондықтан елдің азаматы болғаннан кейін халыққа көмек болсын, Алланың алдында арымыз таза болсын деп бердік. Риза болғаным, біз танымайтын өнер адамдары, жастар, журналистер, актерлер мен суретшілер де бар. Ешкім қарсы болмады", - деді Құдайберген Бекіш.

Ал әнші Шаһизада бүгінгі таңда өнер адамдары жинаған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгеден асқанын айтты.

Шаһизаданың айтуынша, жұлдыздар ашқан желідегі топқа 500 адамдай жиналған.

"Жиналған ақша 30 млн теңгеден асты. Өнер адамдары жиналған топқа 500 адамдай жиналды", - деді Шаһизада.

Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.

Ал күні кеше продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірге аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085734-otandyq-zuldyzdar-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-nege-100-myn-tengeden-zinap-bergenin-tusindirdi/

pixel