Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тыныш жүріп, талай ісімізді атқарып жүр": Дина Төлепберген жолдасына ерекше жазба арнады

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күнінде желіде жолдасымен түскен видеосын жариялап, оған ерекше жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Дина Төлепберген махаббат күнінде барша ғашықтарды құттықтап, ақ тілегін білдірді.

Тележүргізуші Instagram парақшасында ерекше отбасылық видео жариялап, көпшілікке жолдасы туралы айтып берді. Бейнежазбадан ер азаматтың келіншегінің шашын кептіріп жатқанын көруге болады.

"Махаббат деген - күйеуің еркелетіп, шашыңды кептіріп бергенінде. Бүгін ғашықтар күні деп, жұптардың қол ұстасқан әдемі сурерттері жарияланып жатыр. Қандай ғажап! Қандай әдемі. Менің күйеуіме атақ-даңқ керек емес. Сондықтан ол кадрда көрінгісі келмейді. Тыныш жүріп, өзінің де, менің де талай тірліктерімді арқалап, атқарып жүр. Бастысы - ол мені сезеді, сыйлайды, сүйеді. Мен де.

Махаббат бәрін де жеңеді. Осы сын сағатында сынбау үшін сүйіктіңнің қолдауы ауадай қажет. "Жаным, бәрі жақсы болады. Маған сен" деген сөздің өзі әйелге қуат та, жігер де. Әйелдің де өз күйеуіне шынайы сезімін, алғысын айтып жүруі маңызды! Бүгін дәл сол күн. Қайда болсаңыз да, қандай күйде жүрсеңіз де, жан жарыңызға жылы тілек айтуды ұмытпаңыз", - деп жазды Дина Төлепберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085818-tynys-zurip-talai-isimizdi-atqaryp-zur-dina-tolepbergen-zoldasyna-erekse-zazba-arnady/

pixel