"Бұл жақта да ел бар": Оралда жүрген Жахан Отарғалиев су тасқынына қатысты дабыл қақты
Жарияланған күні:
Танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев өз туған өлкесі Оралға барып, су тасқынына дайындалып жатқан халықты көрсетті. Әнші өз мәлімдемесін Instagram парақшасында жариялады.
Блогер көпшілікке үн-түнсіз қалмау керек екенін жеткізді.
"Үн-түнсіз қалып қоймайық. Бұл менің тұрып жатқан үйім. Сайдың арғы жағынан су келіп жатыр. Бірақ біз жаққа ешқандай ескерту берілген жоқ, ешкім келіп те жатқан жоқ. Жалпы бұл жақта да ел бар. Су тасыса, мұнда үлкен ел жатыр", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.
Ал күні кеше продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірлерге аттанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2085914-bul-zaqta-da-el-bar-oralda-zurgen-zaxan-otargaliev-su-tasqynyna-qatysty-dabyl-qaqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.