Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені көрсетпе дейді": тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Айгүл Мүкей. Фото: Instagram/aigulmukei

Қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Ол "Ойбай" бағдарламасына сұхбат беріп, күйеуін неге көрсетпейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуімді еш жерде көрсетпеймін, ол туралы айтпаймын. Себебі, мұны өзі қаламайды. Ол "Жоқ, мені көрсетпе" дейді. Отбасы құрғанымызға қанша жыл өтті, әлі қарсы. Мүмкін, ойы өзгерсе, алдағы уақытта көрсетіп қалармын", - деді Айгүл Мүкей.

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші жұбайымен қалай танысқанын айтып берген болатын.

"Күйеуіммен көшеде таныстым. Ол менің кім екенімді де білмеді. Көлігімді қалдырып, сауда орталығына бардым. "Сәлеметсіз бе? Сізбен танысайын деп едім" деді. Мен макияжбен болғанмын. Сәуір айында таныстық. Ал маусымда неке қидырдық. Екі-үш айдан кейін бала көтердім", - деген Айгүл Мүкей.

Сонымен қатар тележүргізуші жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінгенін айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086382-meni-korsetpe-deidi-telezurgizusi-aigul-mukei-kuieui-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel