Тележүргізуші Айгүл Мүкей бетіндегі меңін не үшін алдырып тастағанын айтты
Жарияланған күні:
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей бетіндегі меңін қалай алдырып тастағанын айтты. Ол "Ойбай" бағдарламасында дәрігердің кеңесіне жүгінгенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Менің бетімде мең болатын. Бірақ ол мені ерекшелеп тұратын. Ернімнің маңында орналасқан еді. Өте әдемі болды. Бірақ бір дәрігер "Мұны алдырып тастау керек" деді.
Бұл бір қызық оқиға болды. Мен шипажайда демалып, толық тексерілуден өтіп жатқанмын. Дәрігерге басқа себеппен барғанмын. Ол кісі "Саған меңіңді алдыру керек. Кедергі келтіреді" деді. Жарайды дедім де, алдырып тастадым", - деді Айгүл Мүкей.
Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші жұбайымен қалай танысқанын айтып берген болатын.
"Күйеуіммен көшеде таныстым. Ол менің кім екенімді де білмеді. Көлігімді қалдырып, сауда орталығына бардым. "Сәлеметсіз бе? Сізбен танысайын деп едім" деді. Мен макияжбен болғанмын. Сәуір айында таныстық. Ал маусымда неке қидырдық. Екі-үш айдан кейін бала көтердім", - деген Айгүл Мүкей.
Сонымен қатар тележүргізуші жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінгенін айтып, жан сырын ақтарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086496-telezurgizusi-aigul-mukei-betindegi-menin-ne-usin-aldyryp-tastaganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.