Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ипотекаға болса да үй алып, көшірсем": Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарына алаңдады

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай. Фото: Instagram/akerkeburkitbay

"Асыл" тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарына алаңдаушылық танытты. Ол Instagram желісіндегі оқырмандарынан су басқан өңірлерде хал-ахуал қандай екенін сұрады.

Қобызшы қазір тек Атыраудағы емес, Қазақстандағы жағдайдың қиын екенін жеткізді.

"Петропавл үлкен судың астында қалды. Оралға да су келіп бастап жатыр. Атырауға су келеді, келмейді. Біресе эвакуация жасайды, біресе басылып қалады. Моральді тұрғыда адамдар қатты шаршады. Туған-туыс, дос-жаран барлығы Атырауда. Менің ойымша, бұл су келіп-кетеді, мүмкін басылар. Ал содан кейінгі болатын жағдайға қатты алаңдатады", - деді ол.

Ақерке Атыраудағы жақындары үшін қатты уайымдайтынын да жасырмады.

"Адамдар бұрынғы тұрмыстарына қайта келе алмайды. Құлсарының өзін ойласақ, қаншама үй. Атыраудағы анам, бауырларым - барлығын Алматыға алдыру керек пе? Әлде Атырауда күте тұру керек пе?

Ертең үлкен су келсе, үйді басып кетсе не болады? Үй 5 сантиметр су келсе де, 5 метр су келсе де, тұруға жарамсыз. Оның бәрі қалай орнына келеді? Бәрін Алматыға көшіріп алу керек пе? Қасымда жүрсе, жүрегім де тыныш бола ма деп ойлайсың. Ипотекаға болса да үй алып... Ой көп", - деді Ақерке Бүркітбай.

Өнер иесі оқырмандарынан судан қалай қорғанып жатқанын сұрап, сабыр тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086556-ipotekaga-bolsa-da-ui-alyp-aqerke-burkitbai-atyraudagy-zaqyndaryna-alandausylyq-tanytty/

pixel