Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерінетін сияқты": Балжан Бидаш халыққа жылу жинағанда қандай қиындық болғанын айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желіде оқырмандарынан жылу жинап, сол қаражатқа су тасқынынан зардап шеккендерге қажет заттай көмек жіберген. Өнер иесі өзі мен оқырмандарынан жиналған ақшаға қандай зат алғанын "REVUE NEWS" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желіде оқырмандарым бар. Оқырмандарыммен бірге жиналған қаражатқа зат алуға келдік. Өкінішке қарай, адамдар нөмірді теріп, 200 теңге жібере салуға ерінетін сияқты. Менің stories-імді 200 мың адам қарайды. Солардың бәрі 200 теңгеден жинаса, 100 млн теңгеге дейін жиналатын еді. 200-500 теңге жібергендер бар.

Біз қандай заттар керегін сұрап алдық. Қазір мойынға дейін суда жүре алатын киімдер алып жатырмыз. Бұл көмектің дәл қай қалаға жіберетінін білмейміз. Алматыда гуманитарлық көмек жіберіп жатқан орталыққа жібереміз", - деді Балжан Бидаш.

Еске сала кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдері су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаражат жинаған болатын.

Ал күні кеше продюсер Гүлзира Айдарбекова бастаған топ су басқан өңірге аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2086838-erinetin-siyaqty-balzan-bidas-xalyqqa-zylu-zinaganda-qandai-qiyndyq-bolganyn-aitty/

pixel