Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төртінші әйелі болып шықтым": Мөлдір Әуелбекова екінші некесі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесі жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасында шариғат бойынша тұрмысқа шығып, күйеуінің төртінші әйелі болып шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екінші рет тұрмысқа шығатын кезде, болашақ жолдасым "Намазхан болады", "Міндетті түрде күйеуім намазхан болады" деп ойладым. Намазхандар маған қиянат жасамайды деп ойладым. Намазға келгенде діни біліміңді арттыра бересің, сауатыңды арттырасың. Мен "Намазхан маған қиянат жасамайды. Ол әйелі мен баласын себепсіз тастап кете салмайды" деп ойладым.

Мені, баланы тастап кететіндей себеп жоқ қой. Ондай қылмыс, жамандық жасамадым олардың ешқайсысына. Мен шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Менің айналамды өте көп адамдар солай отау құрды. Әншілердің ішінен Нұржан Керменбаев келіншегін үш рет көріп, некелескен. Екінші рет мен де солай тұрмысқа шықтым. Ол кісі маған өзі хабарласты. Жиырма жыл араласқан жақын адам жеңгетайлық жасап, таныстырды. Сосын мен сенім арттым. Біз бір апта сөйлестік. Ораза уақыты еді. Барлығы келіп тұр. Құдайдан бір белгі келіп тұрған сияқты. Намаз оқиды, қажы, ораза айы, біреу таныстырып тұр. Оның үстіне карантин уақыты еді. Ол кісі келіп, әкемнен рұқсат алып, сырға салып әкетті. Баламмен бірге әкетті. Мені баурап алғаны, балам оны бірден "әке" деп атады. Ол кісі өте балажан. Қызын қазір тастамайды. Келіп тұрады, ақша жібереді, қыдыртады, киіндіреді. Сондай бақытты болып, тұрмысқа шықтым. Шүкір, қыз босандым. Бірақ қызыма жүкті кезде, үш ай болғанда ол кісіден кетіп қалдым. Бұл жерде үлкен мәселе, мен танымай, шариғат жолымен тұрмысқа шықтым ғой. Қарап тұрсаң, ақымақтық қой. Қысқасын айтайын, мен ол кісінің төртінші әйелі болып шықтым. Соның барлығын біліп, қатты күйзеліске түстім. Ішімде балам бар. Шариғат бойынша, таза неке ғой. Заңды неке болған жоқ. Үйге имам алдырып, неке қидырдық", - деді әнші.

Сонымен қатар Мөлдір Әуелбекова бастан кешкен оқиғасын тұрмысқа шыққан қыздарға сабақ болсын деп айтқанын жеткізді.

"Мен мұны неге айтам деп шештім? Себебі, жас қыздар, осыны тыңдап, сабақ алыңыздар. Бірінші тұрмысқа шақырған адамға жүгіріп кете салмаңыздар. Мен артыма қарасам, өте бақытсыз әйел болдым. Біз қол ұстаспай үйленген адамдармыз.

Кіммен некелескенімді естіп, адамдар хабарласа бастады. Ол кісіні көп адам таниды екен. Әкем мен анамды, абыройымды ойлап жатырмын. Бірақ ол маңызды емес екен. Маңыздысы, өзіңнің ішкі тілегің екен. Ол жерде өте көп қиянат көрдім де, шешім қабылдадым. Олай өмір сүре алмаймын деп шештім", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова бүгінде екі некесінен бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087477-tortinsi-aieli-bolyp-syqtym-moldir-auelbekova-ekinsi-nekesi-turaly-bar-syndyqty-aitty/

pixel