Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ай Түркияда тұрдық": танымал актер Ақбота-Нұрмен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты

Опубликовано:

Ермек Шынболатов пен Ақбота-нұр
Ермек Шынболатов пен Ақбота-нұр. Видеодан кадр: Instagram/ akbotanurabaykyzy

"Дәстүр" фильмі арқылы халыққа кеңінен танылған актер Ермек Шынболатов әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбетпен қарым-қатынасы жайлы айтты. Ол актрисамен қалай танысқанын "Taboo" бағдарламасында баяндады.

Ермек Шынболатов актриса әрі әнші Ақбота-Нұрмен тек жұмыс байланыстыратынын жеткізді.

"Ақбота-Нұрмен осы жобада алғаш рет таныстық. Жұмыс процесінен артық ештеңе жоқ. Ал фильм бойынша екеуміз бір-бірімізге ғашық жандармыз. Бірақ киноның негізгі желісі әке мен баланың қарым-қатынасы жайлы болмақ. Осы жоба аясында бір ай Түркияда тұрдық. Пидеге де, көфтеге де тойдық", - деді ол.

Актер әлеуметік желіде тараған видеоға қатысты да пікір білдірді.

"Біздің видеоны біреулер PR деп қабылдауы мүмкін, ал бұл жай ғана фильмнен кадрлар. PR-ды халықтың өзі таратады. Жалпы маркетинг үшін PR қадам жасауды аса ұната бермеймін, бірақ дайынмын. Өйткені ортақ жоба болған соң оған атсалысуың керек", - деді Ермек Шынболатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087519-bir-ai-turkiyada-turdyq-tanymal-akter-aqbota-nurmen-qarym-qatynasy-zaily-syndyqty-aitty/

pixel