Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2004 жылдан бері ішпеймін": сазгер Өктем Алтаев ішімдіктен қалай бас тартқанын айтты

Опубликовано:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Әнші, сазгер Өктем Алтаев ішімдіктен бас тартуына не себеп болғанын баяндап берді. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында соңғы рет ішімдікті 2004 жылы ішкенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2001 жылы жол полициясы "Балама бесік той жасаймын. Сол тойда ән айтып бер" деп мені шақырды. Бұрыннан араласып жүрген адам сияқты мен де "Мақұл" деп бардым. Ақкөңілмін. Барғаннан кейін тамағым жаурап қалмасын деп, іше беріппін. Мас болып қалыппын. Содан әкесі мен шешесі шығып, маған "Үйіңе қайт" деп көлікке отырғызып жіберді. Есімді білмеймін, аяғымда әрең тұрмын. Рөлде отырмын, бір шабадан ақша бар.

Үйге қалай келгенімді білмеймін. Үйге келетін жолмен емес, қуыс жолдармен жүріппін. Есіктің алдында тұрған бағанға соғылыппын. Бүкіл көрші оянып кетіп, есікті ашқан. Көліктің алдынан түтін шығып жатыр екен, мен ішіндемін. "Өктем ғой" деп бәрі жиналып, көлікті артқа тартқан. Сөйтсе мен "Менің кім екенімді танымайсыңдар ма" деп ұрысып, бір-екеуін сабаған екенмін. Содан кейін мен ішімдік ішпейтін болдым. Соңғы рет 2004 жылы ішімдік іштім", - деді Өктем Алтаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өктем Алтаев жұбайын бір көріп ғашық болып, алып қашқанын айтты.

Сонымен қатар әнші өнерден отбасын жоғары қойған себебін баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2088803-2004-zyldan-beri-ispeimin-sazger-oktem-altaev-isimdikten-qalai-bas-tartqanyn-aitty/

pixel