Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда су тасқыны кезінде ер адамды ағын су алып кете жаздады (видео)

Опубликовано:

Ер адамды ағын су алып барады
Ер адамды ағын су алып бара жатыр. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Оралдағы су басқан аумақтардың бірінде ер адамды ағын су алып кете жаздағаны түсірілген видео тарады. Жедел штаб оның құтқарылғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды. Бейнежазбадан ересек ер адамды қатты ағыс алып бара жатқанын көруге болады.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының Instagram желісіндегі ресми парақшасында құтқарушылар осы видео жөнінде пікір білдірді.

"Автор үкіметтен ешқандай көмек жоқ екенін айтып қалды. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

Өйткені суға кете жаздаған тұрғынды аман алып қалған полиция кіші сержанты Әміржан Бірлесов – біздің қызметкер. Оған Ұлттық ұлан, еріктілер, және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері көмекке келді", - делінген хабарламада.

Жедел штаб өкілі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабына сәйкес құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау заңға қайшы екенін еске салып өтті. Мұндай құқықбұзушылық жасаған адамға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алынады.

"Тасқын қаупі төнген күннен полиция, әскерилер, Ұлттық ұлан және төтеншеліктер су басу қаупі бар аймақтардағы азаматтарға бірнеше рет ескерту жасады, суға кете жаздаған азаматқа да ескертілді", - деді жедел штаб өкілі.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар депарматенті Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейден 7 см асқанын хабарлады, бірақ Оралға қауіп төніп тұрған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2088686-oralda-su-tasqyny-kezinde-er-adamdy-agyn-su-alyp-kete-zazdady-video/

pixel