"Нағыз қазақтың келіні": Бүркіттің ата-анасына шай құйып жүрген Аиша жұртты сүйсінтті
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Бүркіт Instagram парақшасында ата-анасымен дастархан басында отырған видеосын жариялады. Кадрлардан оларға әншінің жары Аиша шай құйып жүргенін көруге болады.
Өнер иесі видеоның астына "Естен кетпес сәттер" деп жазған. Мұны көрген көпшілік жазбаға түрлі пікір қалдырған.
"Керемет", "Бүркітке ата-анасы жақсы тәрбие берген", "Нағыз қазақ келіні", "Қараудың өзі керемет", "Келін шай", "Бақытты болыңдар" деді жұрт.
Айта кетейік, осыған дейін Аиша қазақ тілін үйрететін курсқа жазылғанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2089835-esten-ketpes-satter-burkit/