"Көз тиеді": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Әнші Меруерт Түсіпбаева сүйіктісін жолықтырғанын айтты. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында ғашығының суретін де бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әзірге иығын ғана көрсете аламын. Әйтпесе, көз тиеді", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Осыған дейін әнші желіде сүйіктісіне алғыс айтып, ол сыйлаған гүл шоғын көрсеткен болатын.
"Сүйіктіме алғыс! Бір апта бұрын сыйлаған гүлі терезе ашық қалса да, солмаған. Сол беті тұр", - деп жазған еді.
Еске сала кетейік, былтыр Мерует Түсіпбаева өмірінде аялайтын азаматы барын айтқан болатын.
"...Шүкір, мен жалғыз емеспін. Арқа сүйер азаматым бар. Меніңше, 50-ден асқаннан кейін тұрмысқа шығамын деген әбестік. Кейбір әріптестерім секілді мен "тұрмысқа шығамын" деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Бүгінде жалғыз емеспін. Мені сүйетін, мені аялайтын азамат бұл өмірде бар. Мен ұрыссам да, еркелесем де мені кешіреді.
Бірақ ақ көйлек киюге жасым сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де. Жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғым келмейді. Жас айырмашылығымыз алшақ. Ол кісі менен едәуір үлкен", - деген еді Түсіпбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090021-koz-tiedi-meruert-tusipbaeva-suiiktisin-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.