Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әттең, қиналдың неге сен": Ғазизхан марқұм Салтанат Нүкеноваға қатысты әсерлі видео жариялады

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Видеодан кадр: SATY бағдарламасы

Отандық эстрада жұлдызы Ғазизхан Шекербеков Instagram желісіне Салтанат Нүкенованың видеосын жариялап, тыңдарманды жылатты. Көпшілікке "Әттең" әні дәл марқұмға арналғандай әсер қалдырды.

Ғазизханның сөзінше, видеоны тыңдарманның бірі дайындаған.

"Мына әніңіз осы жағдайды дәл суреттегендей" деп бір тыңдарманым жасаған екен. Әлемде әділдік орнаса екен", - деп жазды әншінің өзі.

Бір жыл бұрын жарыққа шыққан әнді тыңдаған көпшілік көзіне жас алды.

"Шынымен Салтанатқа арналған ән екен, жаны жаннатта болсын", "Қазағымның қабырғасын қайыстырып, жүрегін жаралаған қайғы", "Көзіме еріксіз жас келді", "Жылап отырмын", "Нағыз гүл еді ғой", "Гүлдей болып өсіп, солған Салтанат" деді оқырман.

Видеоға журналист Дина Төлепберген де өз пікірін қалдырды.

"Сүйектен өтер саз, жүрекке жетер сөз. Рақмет" ,- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090147-atten-qinaldyn-nege-sen-gazizxan-marqum-saltanat-nukenova-qatysty-aserli-video-zariyalady/

pixel