Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Ибрагимов әйеліне тосынсый жасады

Жарияланған күні:

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов. Фото: instagram.com/ibragimovserik

Серік Ибрагимовтың жұбайы биыл қаңтар айында үшінші сәбиін өмірге әкелді. Әншінің әйелі күйеуі тарту еткен сыйлықты көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айнамкөздің мәліметінше, күйеуі оған соңғы үлгідегі телефон сыйлаған.

"IPhone 15 Pro Мах 1 ТБ құтты болсын. Бұл телефонды оншақты күн бұрын күйеуім сыйлады. Ашуға қолым тимеді", - деп жазды Серік Ибрагимовтің әйелі Instagram-дағы парақшасында.

Ал желі қолданушылары Айнамкөздің сыйлығына құтты болсын айтып, жарыса пікір жазды.

"Құтты болсын", "Тек қуанышты хабар алыңыз осы телефонмен", "Маған да жұғысты болсын", "Керемет", - деп жазды желідегілер.

Серік Ибаргимов жұбайы
Серік Ибаргимов жұбайы. Скриншот: instagram.com/ainamkoz_abdima

Айта кетейік, былтыр қаңтар айында әншінің әйелі үшінші перзентін дүниеге әкелді.

Кейінірек Серік Ибрагимов үшінші перзентін қырқынан шығарып, азан шақырып, Шадияр есімін қойғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2090867-serik-ibragimov-aieline-tosynsyi-zhasady-foto-video/