Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалыңмалға 20 млн теңге": Балжан Бидаш Шымкентке келін болатынын айтты

Опубликовано:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде оқырмандарына жақсы жаңалығын жария етті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған өнер иесі енді Шымкентке келін болуға ниетті екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш жеке өміріндегі жаңалығын Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесі кішкентай баламен құшақтасып келе жатқан видеосын жариялап, Шымкентке келін болатынын жазды.

"Шымкенте тойдамын. Сіңлімді ұзатуға қонақ болып келдім. Шымкентке келін болып қалатын болдым. Қалыңмалға 20 млн теңге береміз дейді. Аз ба? Көп пе", - деп жазды әнші.

Өнер иесі әзіл ретінде түсірген видеосы желіде қызу талқы тудырды.

Айта кетейік, Балжан Бидаштың бірінші некесі сәтсіз ақталған еді. Әнші ару қыркүйек айында актер Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткенін растаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2091056-qalyngmalga-20-mln-tengge-balzhan-bidash-shymkentke-kelin-bolatynyn-aitty/

pixel