Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Жанболат Найзабеков әнші Серік Ибрагимовтың тойына 2,5 млн теңге берді (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов жұбайымен
Серік Ибрагимов жұбайымен. Скриншот: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Осыдан бірнеше күн бұрын әнші Серік Ибрагимов ұлының сүндет тойын өткізді. Актер Жанболат Найзабеков досының тойына 2,5 млн теңге берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны блогер Елдос Колобок Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Видеода актер Жанболат Найзабековтен блогер Елдос Колобоктың "Тойға қанша әкелдіің?" деп сұрағанын көруге болады.

"500 мың теңге бердім", - деді Жанболат Найзабеков.

Алайда осы видео астына Серік Ибрагимов пікір білдіріп, актердің тойға 2,5 млн теңге бергенін айтты.

"Жанболат досым 2,5 млн теңге берді", - деп жазды Серік Ибрагимов.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Серік Ибрагимов ұлы Хамзаның сүндет тойын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2092703-akter-zhanbolat-naizabekov-anshi-serik-ibragimovtyng-toiyna-2-5-mln-tengge-berdi-video/