Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"От қой от": отандық актерлардың 20 жыл бұрынғы суреті елді елең еткізді

Опубликовано:

Дәурен Серғазин және басқа да актерлар.
Дәурен Серғазин және басқа да актерлар. Фото: Instagram/ dauren_sergazin

Отандық киножұлдыз Дәурен Серғазин басқа да актерлармен 20 жыл бұрын түскен суретін жариялады. Көпшілік жігіттердің сыр-сымбатына таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер фотолардан жинақталған видеоны Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Аталған бейнежазбадан Әділ Ахметов пен жұртқа "Міржақып. Оян қазақ" фильміндегі рөлімен танылған Бақыт Хаджибаевты да байқауға болады.

"20 жыл бұрынғы суретті жаңғыртайық", - дейді Дәуреннің өзі.

Ал мұны көрген көпшілік актерлардың сыр-сымбатына тамсанды. Олар 20 жылда сымбаттылығы мен достығын сақтап қалған өнер иелеріне түрлі пікір жазып қалдырды.

"20 жылғы эмоцияны, достықты, адалдықты үстап жүрудің өзі ерлік. Ұзағынан болсын", "Сақа, л-мұрта бар актер керемет екен", "Сентұр, мен атайын дейтін жігіттер екен", "Бағындырар белестеріңіз көп болсын", "Достықтарың мәңгілік болсын", "Өнерлерің өрлей берсін", "От қой от" , - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2093552-ot-qoi-ot-otandyq-akterlardyng-20-zhyl-buryngy-sureti-eldi-eleng-etkizdi/