Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жаңай қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде көже берді (видео)

Опубликовано:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Видеодан кадр: Instagram/ gadilbek_zhanay

Отандық әнші Ғаділбек Жаңай мен домбырашы Ақтоты Болышева қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде сусын берді. Өнер иелері видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Видеода Ғаділбек Жаңай Меккеге бара жатқан жолаушыға ақ жол тілейді.

"Алла разы болсын. Дұға етіп қойыңыз. Керемет. Бұл да бекер емес. Бізге қажылыққа кетіп бара жатқан адам кездесті. Сапарымыз жақсы болып жатыр", - дейді Ғаділбек Жаңай.

Ал домбырашы Ақтоты Болышева қажылығын өтеуге аттанған азаматқа сусын ұсынады. KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған видеоға қатысты Ғаділбек Жаңайға хабарласты.

"Кеше Қордайға қуанышқа барып қайтқанбыз. Жолда бір кісіні кездестірдік. Ол велосипедтің артына "Қажылыққа бара жатырмын" деп жазып қойыпты. Жолай көже алып едік, соны беріп үлгердік. Қатты қуанып қалдық", - деп бөлісті әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2095826-gadilbek-zhangai-qazhylyqqa-bara-zhatqan-azamatqa-zhol-ustinde-susyn-berdi-video/

pixel