"Қаншама адам кіре алмай қалыпты": Қайрат Нұртастың Ташкенттегі концерті қалай өтті
Жарияланған күні:
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Ташкент тұрғындарына алғыс білдірді. Ол ұлының Өзбекстан астанасындағы концерті жоғары деңгейде өткенін айтып, халықтың құрмет-қошеметіне бас иді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айдарбекова ұлының кешіне қатысты ақпаратты Instagram парақшасында жазды.
"Ташкент тұрғындары! Сіздерге айтарға сөзім жоқ, не деген құрмет-қошамет болды. Сыртта қаншама адам кіре де алмай қалыпты. Тіпті әлдекімдер "соншалықты елді дүрліктірген, аншлаг концерт беріп жатқан қай елдің азаматы екен" деп ұйымдастырушылардан сұрап кетіпті.
Олар да ауыз толтырып мақтанып, мәз болды. Аллаға сансыз шүкірлер! Амандық тіледім сіздерге! Аналық жүрегіммен алғысым шексіз", - деді продюсер.
Жазба астына көпшілік ақ тілегін жаудырып, жағымды пікір қалдырды.
"Ташкент қазақтары сені сағынып қалыппыз. Келгеніңе рақмет, қуанып қайттық", "Қайрат аңыз, дәл Қайрат сияқты ешкім концерт бермеген", "Көріп, толқып кеттім ғой", "Не деген құрмет", "Қайрат, сені жақсы көреміз" , - деді желі оқырмандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2096576-qanshama-adam-kire-almai-qalypty-qairat-nurtastyng-tashkenttegi-kontserti-qalai-otti/