jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "1 күн уақыт береміз": Жазира Байырбекова өзі жайлы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің "өлімі" жайлы жалған ақпарат таратып жатқандарды сотқа бермек. Өнер иесі оларға ескерту жасап, жазбаны өшіруге бір күн уақыт берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, өзі жайлы жалған ақпарат таратып жатқандарға үндеу жасады. Әнші ескертуінен кейін әрекет етпесе, оларды сотқа беретінін айтты.

    "Менің суретімді қойып "Жазира былай деді" деп, біресе "Жазира қайтыс болды" деп біресе қылмыскердің суретімен бірге монтаж жасап өтірік ақпарат таратып жатқан парақшаларды, сайттарды сотқа береміз деп шештік. Өшіруге 1 күн уақыт береміз. Менің инстадостарыма өтініш. Мен туралы жалған ақпараттар таратып жатқандарды көріп қалсаңыздар сіздер де ескерте жүріңіздерші оларға", - деп жазды Байырбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.