Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзаққа бармады": Асқар Ілиясовпен көзге түскен Айя Шалқар сыр ақтарды

Опубликовано:

Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясов
Айя Шалқар мен актер Асқар Ілиясов. Видеодан кадр: Youtube/ShowBusinessKazakhstan

Қазақстандық танымал модель Айя Шалқар желіде жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Ол оқырмандарына қарым-қатынасы сәтсіз болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айя Шалқар мен Асқар Ілиясовтың қарым-қатынасы туралы қауесеттер ақпан айында, модельдің туған күн кешінен кейін тарап бастады. Кейін жұлдызды жұп кездесіп жүргенін растаған болатын. Алайда арада үш ай өткен соң, Айя Шалқар жеке өмірі туралы екіұшты жазбаны Instagram-дағы парақшасында жария етті.

"28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа "бармады"). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімділігімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды", - деп жазды Айя.

Сонымен қатар желі жұлдызы қыз-келіншектерге үндеу жасады.

"Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да мұндай қарым-қатынасты доғару керек. ят болса да, кету керек. Сізде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз! Өзіңізге сеніңіз", - деп жазды Айя Шалқар.

Айя Шалқардың Stories-i
Айя Шалқардың Stories-i. Скриншот: Instagram/aya_shalkar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2098448-aiia-shalqar-akter-asqar-iliiasovpen-aiyrylysyp-ketkenin-aitty/