Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімдегіні айтуға қорқамын": Мақпал Исабекова желіде жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде жеке өмірі жайлы сөз қозғап, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Бүгінде екінші сәбиін күтіп жүрген өнер иесі ішкі жан дүниені біреуге ашу өте қиын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова жақында жасаған фотосессиясының суреттерін жариялап, оқырмандарымен сырласты. Әнші абайсызда айтылған сөздер адамның жан дүниесін жаралап, қатты әсер етуі мүмкін екенін айтты.

"Денеңді оңайшылықпен жалаңаштайсың. Бірақ ішкі жан дүниеңді біреуге ашуға қорқасың. Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралау мүмкін", - деп жазды Исабекова Instagram-дағы парақшасында.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова күйеуі туралы айтып, қалың көпшілікті таңғалдырды. Әнші ару бүгінде жолдасымен бірге тұрмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2099591-ishimdegini-aituga-qorqamyn-maqpal-isabekova-zhelide-zhan-syryn-aqtardy/