Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін жарнама": Мөлдір Әуелбекова өзіне жағымсыз пікір жазатындарға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде
Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Medina Style

Қазақстандық танымал әншң Мөлдір Әуелбекова желіде өзіне жағымсыз пікір жазатын көпшілікке үндеу жасап, олар жайлы не ойлайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында әзіл ретінде түсірілген видео жариялап, хейтерлеріне жазба арнады.

Өнер иесі өзін жамандап жүрген оқырмандарына тегін жарнама үшін алғысын айтты.

"Хейтерлеріме. Мені ғайбаттап, әртүрлі парақшаларда жаман пікір жазып, уақыттарыңызды бөліп, мені теп-тегін жарнамалап жүргендеріңізге рақмет", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова желіде жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарған болатын. Өнер иесі бүгінде тірегі болатын ер азаматтың жетіспей жүргенін айтып, өкінішін жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2101418-moldir-auelbekova-ozine-zhagymsyz-pikir-zhazatyn-zhandarga-qatysty-pikir-bildirdi/