Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астамсып кете ме дедім": Роза Әлқожа өнер жолын таңдаған ұлын неге қолдамағанын айтты

Опубликовано:

Роза Әлқожа мен ұлы Барс Қаба.
Роза Әлқожа мен ұлы Барс Қаба. Фото: Instagram/ bars_qaba

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа өнер жолын таңдаған ұлын неге қолдамағанын айтты. Ол Барс Қабаның шығармашылығына қатысты әңгімені "Оян" бағдарламасында өрбітті.

Роза Әлқожаның сөзінше, қазір жеке әнші ретінде танылып жүрген ұлы Барс Қабаның балалық шағын еске алды.

"Бірінші бала болғаннан кейін басында бізге бәрі қызық болды. Бейбарыстың жүргені де, күлгені де қызық. Ол көркемсөз оқудың шебері болды, байқауларға қатысты, ән айтты. Соның бәрін қолдап жүрдік. Бірақ бір күні өнерде ерте жұлдыз болып кететін балаларды көріп, "балалық шағы болмай қала ма?", "Әнші болып, жұлдыз болып астамсып кете ме?" деген қорқыныш пайда болды.

Содан біраз уақыт шығармай, "мектепте жай сабағыңды оқы, көп нәрсеге қатыспай-ақ қойшы" деп біраз уақыт шектедім. Бірақ 6-сыныпта маған "Сіз өзіңіз сахнаны, халықтың қошеметін жақсы көресіз. Біздің де өз құқығымыз бар, таңдау берсеңізші" деді. Содан келістім. Балам боксқа барды, каратеге барды, қайда барса да қолдадым", - деді отандық эстрада жұлдызы.

Өнер иесі ұлының бағыты мен дауыс ырғағы өзіне ұқсайтынын да жасырған жоқ.

"Бір күні Жүргеневке (Темірбек Жүргенев атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы – ред. ескертпесі) түсемін деді. Сонда "Мен білетін Бейбарыс болсаң, сен өз әніңді өзің орындайтын, гитарамен өзің сүйемелдейтін сазгер-әншісің" деп айттым.

Әбдіжаппарда көңілді әрі энергетикасы басым әндер болса, Бейбарыс салмақты, оның өз қоңыр даусы бар. Сол жағынан маған ұқсайды, қазір өзі мойындап жүр. Енді менен де, Әбдіжаппардан да сұрамай, өзі жеке шығатындай жағдайға жетті", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2105925-astamsyp-kete-me-dedim-roza-alqozha-oner-zholyn-tangdagan-ulyn-nege-qoldamaganyn-aitty/