Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешбір зат бақыт сыйламайды": Ерке Есмахан "баға жетпес байлығы" туралы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде қыздар қауымына үндеу жасап, байлық пен бақыт тақырыбына қозғады. Өнер иесі қымбат сыйлықтар мен бағалы бұйымдардың бақыт сыйлатынына қатысты пікірін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында өзінің түрлі брендтен алған бағалы заттары мен қымбат бұйымдарын көрсетті. Алайда өнер иесі қыз-келіншектер қауымына бұл заттардың ешбірі шынайы бақыт сыйламайтынын кесіп айтты.

"Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық! Бұған күмән болмасын! Бірақ бұл нәрселер тек бір сәтті қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын беретін - рухани байлық. Өмірдің рахатын өзіңді өзің тапқан кезде ғана білесің. Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды.

Менің баға жетпес байлығым - денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат және тағы басқасы - тек уақытша ләззат. Сіздерге де жан мен тән тыныштығын, бақыт пен байлықты тілеймін. Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар", - деп жазды Ерке.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2107416-eshbir-zat-baqyt-syilamaidy-erke-esmahan-baga-zhetpes-bailygy-turaly-zhan-syryn-aqtardy/