Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әншілердің гонорарын көре алмайды": Ұланғасыр Қами әнін қатаң сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Ұланғасыр Қами "Қызыл раушан" әнінің қалай жарыққа шыққанын айтты
Ұланғасыр Қами. Видеодан кадр: Youtube/Таңғы Studio

Әнші Ұланғасыр Қами "Бес жұлдыз" бағдарламасында әнін сынағандарға жауап берді. Эстрада жұлдызы Қазақстанда шоу-бизнес ешқашан көтерілмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында сарапшылардың бірі Ұланғасыр Қамидің әнін қатаң сынаған еді.

"Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды соншалықты жақсы көресіздер ме? Мұндай әндер бізге жаңашылдық бермейді, жаңа дүние үйретпейді", - деген еді сарапшы Нұргүл Нұғманова.

Ал екінші сарапшы Мақпал Ноғайбава эстрада жұлдызының әнін "халтураға" теңеді.

"Тойдың әні тойда ғана айтылуы керек қой. Сахнаның қадір-қасиетін қашырмайық. Шын өнерпаздың басы Димаш болып, әлемге танылып жатыр, ал біздің сахнамызда әлі "халтура" жүр", - деді ол.

Ұланғасыр Қами Нұргүл Нұғманованың сөзіне Instagram желісіндегі парақшасында жауап берді.

"Тойдың несі жаман? Қазақта той болса, еліміз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысқарту керек деген жандарды түсінбеймін. Қысқартсаңыз, өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Әркімнің өз шаруасы.

Екіншіден, егер сіздің бір той әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Сізді шақырып, сіз де миллиондап ақша тапсаңыз, тіпті бұлай демес едіңіз. Бұл –әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі. Шоу-бизнесті дамытса, баяғыда Ninety one тобы дамытар еді. Ninety One көтеріп, шоу-бизнес қайта құлады. Шоу-бизнес Қазақстанда ешқашан көтерілмейді. Ал той бизнесі көтеріліп кеткен, өйткені біз қазақпыз. Шындық осы", - деді әнші.

Ұланғасыр Қами Мақпал Ноғайбаеваның сөзін де жауапсыз қалдырмады.

"Тойдың әні тойда ғана айтылуы керек" десе, телеарна мені не үшін шақырды? Мен жалынып барған жоқпын, өздері шақырды. Демек, тойдың әні отандық телеарнадағы бағдарлама төрінде де айтылады. Айтылмауы қажет болса, мені шақырмас еді.

Ал Димашты баяғыда қолдасаңыздар қайда қалдыңыздар? Ол айтқанынан қайтпай, басқа елге барып, өзін дәлелдеді. Оны бәріміз білеміз. Ал "Балқия" – тұнып тұрған шоу. Онда лирика, поэзия жоқ. Ол – әзілге толы, көңіл көтеретін ән. Ұйымдастырушылар бұл әнді айтатынымызды естіп, қуанды", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111226-anshilerding-gonoraryn-kore-almaidy-ulangasyr-qami-anin-synagandarga-zhauap-berdi/