Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қи ойып жатыр екен": Ұланғасыр Қами досын ауылдан алып кетіп, сахнаға шығарды (видео)

Опубликовано:

Ұланғасыр Қами мен Сырым Смағұлов
Ұланғасыр Қами мен Сырым Смағұлов. Видеодан кадр: Instagram/ ulangasyrqamiev

Отандық әнші Ұланғасыр Қами бала кезден бірге өскен досы Сырым Смағұловты сахнаға алып шығып, арманын орындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұланғасыр Қами Қарағандыдағы ауылда тұратын досын "Бес жұлдыз" бағдарламасына алып шықты. Осылайша өнер иесі бала кезден бірге өскен замандасының бір арманын орындады.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram желісінде жариялаған видеосында айтты.

"Ал бүгін Сырымға келдім. Сырым қи ойып жатыр екен. Кеттік Алматыға, әнші боласың", - дейді Ұланғасыр.

Көп ұзамай өнер иесі досымен бірге Алматыға аттанып, "Бес жұлдыз" бағдарламасында өнер көрсетті. Отандық бағдарлама бірнеше күн бұрын эфирге шықты.

Ал бүгін эстрада жұлдызы аталған бағдарламаның сарапшылары айтқан сынға жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2111442-ulangasyr-qami-bala-kezden-birge-osken-dosyn-sahnaga-alyp-shygyp-armanyn-oryndady-video/