Вице-министр: Әншілер балағат сөздері бар әнді концертте орындай алмайды
Жарияланған күні:
Мәжіліс отырысы аясында өткен брифингте мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әртістерге концертте былапыт сөзі бар әндерді орындауға тыйым салу туралы заңдағы өзгерістер туралы айтты. Бұлу туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министр орынбасарының айтуынша, іс-шараны ұйымдастырушылар мұны қадағалап отыруы керек.
"Заң жобасында балағат сөздер концертте орындалатын әндер болмауы керегі айтылған. Министрліктің бұйрығына сәйкес, әндерде балағат сөздер болса, концертте орындауға болмайды. Концерт ұйымдастыратын продакшн келісімшартта мұны жазуы керек", - деді ол.
Сондай-ақ вице-министр заңдағы өзгерістердің бүге-шігесін заң жобасын талқылау аяқталғаннан кейін айтып беруге уәде етті.
"Талқылау барысында жаңа ұсыныстар болуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113344-vitse-ministr-anshiler-balagat-sozderi-bar-andi-kontsertte-oryndai-almaidy/