Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адал жұмыс": Adam өнерге келмес бұрын дәнекерлеушінің көмекшісі болғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Adam
Adam. Фото: Instagram/ adam_official

Отандық әнші Adam өнерге келмес бұрын дәнекерлеушінің көмекшісі болғанын айтты. Ол бұрынғы жұмысына қатысты "Жұлдызбысың?" басғдарламасында баяндады.

Бағдарлама барысында жүргізуші Дәулет Бижанов "Сіз өнерге келмес бұрын дәнекерлеуші болған екенсіз" деп нақтылайды.

Ал Adam бұл сұраққа "Жоқ, дәнекерлеушінің көмекшісі болдым" деп жауап береді. Өнер иесі дәнекерлеу ісін адал жұмысқа теңеді.

Мұны көрген көпшілік әншінің еңбекқорлығына тәнті болды.

"Дұрыс айтады, адал еңбек", Қарапайым ауылдың жігіті", "Керемет", "Иманды отбасынан шыққан бала", "Жарайсың", - деді жұрт.

Айта кетейік, күні кеше Adam Cыртқы істер министрлігінің марапатын иеленді. Енді Қазақстан әншінің шетелдегі кез келген концерті мен фестиваліне ресми түрде қолдау көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2113908-adal-zhumys-adam-onerge-kelmes-buryn-danekerleushining-komekshisi-bolganyn-aitty-video/