Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім ойнамаймын": Серік Ибрагимов фильм түсіргелі жатыр

Опубликовано:

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов. Фото: instagram.com/ ibragimovserik

Отандық эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов фильм түсіргелі жатыр. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Серік Ибрагимов жаңа кинотуындының бас продюсері әрі инвесторы өзі болмақ.

"Аллаға тәуекел етіп, кино түсіргелі жатырмыз. Бас продюсері әрі инвесторы – өзім. Көптің сұрағына жауап бере кетейін: кино өзім туралы емес және өзім ойнамаймын", - деді ол.

Осылайша әнші көпшілікке жаңа фильмнің жарыққа шығуына атсалысатын команда мүшелерін белгілей кетті.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Серік Ибрагимов ұлын сүндетке отырғызып, ұлан-асыр той жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2115273-ozim-oinamaimyn-serik-ibragimov-film-tusirgeli-zhatyr/