Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Солардың арқасында жағдайымды жасап алдым": Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен достығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова
Жеңіс Ысқақова. Видеодан кадр: Youtube/Adal adam

Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен дос болған кезін еске алып, олардың өнер жолына қосқан үлесі зор болғанын жасырмады. Әнші олардың арқасында жағдайын жасап алғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова қылмыс әлемінің серкелерімен қалай дос болып кеткенін "Adal adam" подкастында айтып берді.

"2000 жылдары рэкеттердің дүрілдеп тұрған уақыты еді. Мен мұқтаждықтан дос болған жоқпын. Ол кезде менің "Аяла сен мені", "Сыр сұлуы" әндерімнің дүрілдеп тұрған кезі. Кім маған билет алып беріп, ақша төлейді, соның қуанышына ортақтасамын, шақырған жеріне барамын. Солардың арқасында жағдайымды жасап алдым. Тіпті, бандит па, мұғалім бе, бухгалтер ма, милиция ма, бизнесмен бе білмейсің. Он жылдық, жиырма жылдық кездесулеріне, шешесінің мерейтойына шақырады, келіншегінің туған күніне барамын.

Әнімді айтып, ақымды алып қайтамын. Кейін барып қылмыс әлемінің серкелері екенін білдім. Мені "пидрушка" деп айтатын. "Подружка" деген сөзі ғой. "Біздің ауылға келіп, өзіңе ыңғайлы әріптестеріңмен концерт беріп, ауыл тұрғындарын қуантып кетсеңіз" дейтін. Өнердегі әріптестеріммен барып, ауылды той-думанға бөлеп қайтамыз. Міне, біздің сыйластығымыз. Солар бізге тиісіп, бұзақы іс-әрекет жасамапты", – деп ағынан жарылды әнші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119230-solardyng-arqasynda-zhagdaiymdy-zhasap-aldym-zhengis-ysqaqova-qylmys-alemining-serkelerimen-dostygy-turaly-aitty/