Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Мерей Әбілова мен Димаш Кәшкен ата-ана атанатынын айтып, сүйінші сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Димаш Кәшкен мен Мерей Әбілова
Димаш Кәшкен мен Мерей Әбілова. Фото: instagram.com/ abilovva_m

Отандық танымал блогер Мерей Әбілова мен футболшы Димаш Кәшкен ата-ана атанбақ. Жақында ерлі-зайыпты гендер пати жасап, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты кештің видеосын блогердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Шүкір, біз ата-ана атанамыз. Бірден гендер патиді салуды жөн санадым", - деп жазды Мерей Әбілова.

Нәтижесінде Әбілова мен Димаш Кәшкеннің қызы дүниеге келетіні белгілі болды. Ал мұны көрген көпшілік футболшы мен блогерді шын жүректен құттықтады.

"Құтты болсын", "Сендер үшін қуаныштымын", "Ең күшті сезім", "Жылап отырмын", "Қыз деген ерекше жаратылыс қой", "Керемет ата-ана боласыңдар", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2119623-tanymal-bloger-merei-abilova-men-dimash-kashken-ata-ana-atanatynyn-aityp-suiinshi-surady-video/