Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Динара Қырықбаева 35 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Динара Қырықбаева Ерлан Әлімов пен Анна Данченкомен
Динара Қырықбаева Ерлан Әлімов пен Анна Данченкомен. Фото: Instagram/erlan_alimov

Қазақстандық танымал әнші әрі блогер Динара Қырықбаева 35 жасын ерекше атап өтті. Өнер иесі барша жақындарының басын қосып, туған күні мен жаңа бейнебаянының жарыққа шығуын тойлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева қос қуанышын бірге атап өтуді жөн көрген. Ол мерекелік кешті Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде ұйымдастырған.

Әншіні құттықтап келген жұлдызды қонақтар арасында Азамат Сатыбалды, Ерлан Әлімов, Айнұр Ілиясова, Аша Матай, Анна Данченко, Артур Төлепов, Олжас Әлжанов, Самал Еслямова және т.б бар. Олар туған күн иесіне ақ тілегін жолдап, ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, бар өнерін паш етті.

Динара Қырықбаева кеш барысында жаңа бейнебаянының тұсауын кесіп, оны қонақтарына көрсетті. Клиптен ерекше әсер алған меймандар әншіні өнерге қайта оралуымен құттықтауға кірісті.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2120028-anshi-dinara-qyryqbaeva-35-zhasyn-durkiretip-atap-otti-foto-video/