"Голодные игры" фильмінде ойнаған актер қайтыс болды
Жарияланған күні:
Канадалық танымал актер Дональд Сазерленд 89 жасына қараған шағында өмірден өтті. Өнер иесі "Голодные игры" фильмінде президент Сноуды ойнап, көпшілікке танылды, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның ақпаратынша, Дональд Сазерленд 20 маусым күні Майамиде ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Актер 88 жаста болған еді.
Қаралы хабарды өнер иесінің ұлы жеткізген.
"Әкем Дональд Сазерленд қайтыс болды. Бұл біз үшін орны толмас қаза болды", - деді Кифер Сазерленд.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2121336-golodnye-igry-filminde-oinagan-akter-omirden-otti/