Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсірмей-ақ қойшы": Төреғали Төреәлінің қазақ полициясына арнаған бейнебаяны жарыққа шықты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: instagram.com/ police_almobl

Алматы облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында Төреғали Төреәлінің жаңа бейнебаяны жарияланды. Эстрада жұлдызының қазақ полициясына арнаған туындысына көпшілік оң баға беріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі "Қазақ полициясы" атты әнінің бейнебаян үзіндісін осыған дейін Instagram-дағы желісіндегі өз парақшасында жүктеген еді. Жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған ол тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың құрметіне ән жазғанын хабарлады. Сонда көпшілік құқыққорғаушылар өнер иесіне жүргізуші куәлігін қайтарып берер деп топшылады.

Көп ұзамай Алматы облыстық полиция департаменті бейнебаянның толық нұсқасын жариялады. Ал бейнебаянда Төреғали Төреәлінің әріптестері Шерхан Пірназар мен Ғазиз Ерболат бой көрсетеді. Сондай-ақ өнер иесінен аумайтын тағы бір азамат Төреғали Төреәлінің қысқаша рөлін сомдайды.

Бейнебаян жалпы полицияның мәртебесі мен қадір-қасиетін арттыруға арналған. Оған бейнеклипте полицей рөлін сомдаған Шерхан Пірназардың сөзі дәлел бола алады.

"Біз қауіпсіздік белдігін жүрген кезде тағамыз, қазір біз тұрмыз. Түсірмей-ақ қойшы. Бірдеңе болса, неге телефондарыңды ала жүгіресіңдер? Әлде біздің жұмыс оңай деп ойлайсыңдар ма? Елдің тыныштығын күзету екінің бірінің қолынан келмейді", - дейді ол.

Осылайша Төреғали Төреәлі полиция жұмысының қызығы мен шыжығын көрсетіп, олардың абыройын асқақтатқан. Туындыны көрген көпшілік те эстрада жұлдызының жаңа әніне оң баға беріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124939-tusirmei-aq-qoishy-toregali-torealining-qazaq-politsiiasyna-arnagan-beinebaiany-zharyqqa-shyqty/