Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"455 мыңға билет алдым": Гүлзира Айдарбекова ұшақта келеңсіз жағдайға тап болды

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұшақта келеңсіз жағдайға тап болғанын айтты. Оңтүстік Кореядан Қазақстанға оралған ол бортсеріктердің әрекетіне шамданды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы бизнес санатқа тиісті жағдай жасамайтын әуе компанияларына шүйлікті. Ол видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Ұшақтамын. Мына бортсерік қызға ұрыстым. Неге дейсіздер ғой?! Екі түрлі дәм бер деп сұрадым: біреуі сиыр еті, екіншісі ащы chicken. Сөйтсем "жоқ, бітіп қалды" дейді. Өзі адам аз, қараңыздаршы. Екі-ақ түрлі дәм. Сонда біз бизнес санатты не үшін аламыз? Қазақстанда да солай, бұл жақта да солай.

Негізі аш та емеспін, өйткені үйге барған сайын келіндерім сүр ет асып қояды. Сонда да таңғалдым, ақшаны алғанда бәледей. 455 мыңға (теңге-ред. ескертпесі) билет алдым. Соның бәрін қалайша ішіне кіргізіп, реттемейді? Негізі дұрыс емес, айтыңыздаршы", -дейді видеода Гүлзира Айдарбекова.

Артынша бортсеріктер Қайрат Нұртастың анасынан кешірім сұраған.

"Сөзімді түсініп, кешірім сұрады. Негізі тәкаппарлық жоқ екен, иіліп тұратындары ұнады" , - деді продюсер.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128221-455-myngga-bilet-aldym-gulzira-aidarbekova-ushaqta-kelengsiz-zhagdaiga-tap-boldy/