Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркімнің өз шындығы бар": Алтынай Жорабаева танымал тұлғаларды сынайтындарға жауап берді

Опубликовано:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева танымал тұлғаларды сынға алып, олардың өмірі мен әр іс-әрекетттеріне айып тағатындарға жауап берді. Өнер иесі желіде азулы жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жорабаева жұлдыздардың жеке өмірін талқылап, орынсыз сын айтатындарға үндеу жасады. Өнер иесі әркім өмірі үшін тек өзі ғана жауап беретінін жеткізді. Ол біреудің өміріне және жеке шаруасына айып тағуға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты.

"Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ, ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог-коуч болсын, әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын , ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ!

Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Бірақ соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2130855-arkimning-oz-shyndygy-bar-altynai-zhorabaeva-tanymal-tulgalardy-synaityndarga-zhauap-berdi/