Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді: сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/ kair_n

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды. Бұл туралы Жоғарғы сот Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Айдарбеков (Нұртас) ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот Қайрат Нұртастың ұшақ ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде танымал әнші Қайрат Нұртас ұсталды деген ақпарат шыққан. Кейін ақпарат расталып, әншіге қатысты сот шешімі шыққан. Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Қайрат Нұртас қайталап жасалған ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен бірге орындаушымен жанжалдасқан ер адам да жауапқа тартылды. Ол 10 күнге қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131077-qairat-nurtas-sotqa-appeliatsiialyq-shagym-tusirdi/