Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айналамның бәрі шибөрі": бостандыққа шыққан Әбдіжаппар Әлқожа жаңа видео жариялады

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртеп жатыр
Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртеп жатыр. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Басы дауға қалып, 10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жаңа видео жариялап, ел назарын өзіне аударды. Бейнежазбада өнер иесі киімін өртеп жатқанын көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыланған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда темір жол бойында отырған әншінің киімін өртеп жатқаны көрініс тапты. Видео соңында шоу-бизнес жұлдызы қарбызды жарып, артынан оны жеп келе жатады.

"Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы Шибөрі болып барады.

Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең сапарыңнан қаласың", - деген жазба қалдырды өнер иесі.

Айта кетерлігі, видеода әншінің өртеп жатқан киімі оның ұсталған сәтіндегі бейнежазбадағы киіміне ұқсайды.

Айта кетейік, 6 шілдеде Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Өнер иесі құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Оған қоса 11 шілдеде Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әні жарыққа шықты. Өнер иесі туындысы шыққанда қамауда отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136189-ainalamnyng-bari-shibori-bostandyqqa-shyqqan-abdizhappar-alqozha-zhanga-video-zhariialady/