Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамауда жатқан Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әні жарыққа шықты

Опубликовано:

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Осыдан бірнеше күн бұрын қамауға алынған Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әні жарыққа шықты. Эстрада жұлдызының тың туындысы "Ұмыт деме" деп аталады.

Жаңа әннің жарыққа шыққаны туралы алғашқылардың бірі болып ән өңдеуші Хамит Абдулла хабарлады. Туындының астына әншінің әріптестері пікір қалдырды.

Көп ұзамай жаңа ән туралы эстрада жұлдызының әпкесі Роза Әлқожа жазды.

"Жаңа ән" , - деп қысқа қайырды ол.

Айта кетейік, 6 шілде күні желіде Қонаев қаласында Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Көп ұзамай аталған деректі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Артынша Әбдіжаппар Әлқожа мен Қайрат Нұртастың ұсталуына қатысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір білдірді.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132334-qamauda-zhatqan-abdizhappar-alqozhanyng-zhanga-ani-zharyqqa-shyqty/